Онкологиялық ауруларға алғашқы көмек көрсететін 32 қосымша кабинет ашылды

Қызылорда облысында қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірінші деңгейдегі ауруды ерте анықтау және онкологиялық ауруларға көмек сапасын жақсарту мақсатында 32 мамандандырылған кабинет ашылды.
Профилактикалық кабинеттермен жабдықтау 45,8%-дан 87,5%-ға, кадрмен қамтамасыз ету көрсеткіші 37,5%-дан 79,1%-ға  жоғарылады. Биыл аудандарда аталмыш ауру түріне анальгетиктердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. 
- Жыл басынан бері  жоспарланған 70 маманның 90%-ы білім деңгейлерін көтеру курстарынан өтті. Оның ішінде 14 маммолог, 8 онколог қайта даярлаудан өтсе, проктологиялық және қарау кабинеттерінің 40 маманы білімдерін жетілдірді. Қатерлі ісік ауруынан І-ІІ сатысында алғаш анықталғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 24% өскен. Қатерлі ісік ауруынан асқыну көрсеткіші 42%-ға, қатерлі ісік ауруларынан көз жұму көрсеткіші 21%-ға төмендеген,- деді А.Әлназарова.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2016 г. 687 0