Медицина мамандықтарына облыс әкімінің гранты бөлінді

Медицина мамандықтарына облыс әкімінің гранты бөліндіӨңіріміздегі кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында «Жоғарғы медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары» бекітілді. Кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін 60 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. 
Қайта даярлау курстары арқылы аса қажетті мамандықтар бойынша  135 дәрігер  қайта оқытылды. Бұл осы жылдың өзінде  неанотолог, травматолог, онколог сияқты өте қажетті мамандардың тапшылығын жойды. Облыс басшысының тапсырмасымен кадрлық резерв құру және қайта даярлау  үшін денсаулық сақтау саласының  15 маманы Польша елінде оқытылды. Дәрігерлердің 59,4%-ы (1363 адам) білімдерін жетілдірді-, деді А.Әлназарова.
Осы жылы 81 жас маман облыстың денсаулық сақтау саласына тартылып, оның  60%-ы БМСК ұйымдарына жіберілді. Қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95%-ға жетті. 






ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2016 г. 973 0