Бірқатар кәсіпкер марапатталды

Бірқатар кәсіпкер марапатталдыБүгін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі жылды қорытындылады. Кеңес төрағасы Асқар Махамбетов пен палата директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес өкілдерін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, экономиканың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерді марапаттады. 
Атап айтқанда, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен:
-  Шанкерей Төреғали Қарышұлы, «Аль-Асад» ЖШС директоры,
- Үдербаева Рая Пірмағанбетқызы, «Монтажспецстрой» ЖШС-нің бас директоры;
- Боранбаев Қайрат Жомартұлы, «К-GroupЛТД» ЖШС-нің басқарма төрағасы;
- Сергеев Анатолий Федорович, «Озық» ЖШС директоры.
«Атамекен» ҰКП-ның ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен:
- Кәрім Медет Сәпиұлы, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директорының орынбасары;
- Абизов Ділмұхамед Мінуарбекұлы, «DALATEX» ЖШС директоры.
«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының «Құрмет грамотасымен»:
- Имандосов Нұрлан Самұратұлы, «РЗА-Агро» ЖШС-нің директоры;
- Бисембаев Темір Алдажұмаұлы, «Т-Т Құрылыс сервис» ЖШС директоры.
Мұнан өзге, Өңірлік кеңес мүшесі ретінде облыстың іскер азаматтарына кәсібін жүргізуде қолайлы жағдай жасауға айтарлықтай үлес қосқан кеңес мүшелері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Палатаның дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында 2013 жылы Өңірлік кеңес құрылды. Өңірлік кеңес құрамына аймақтағы белсенді, белгілі, қоғамда орны бар, кәсіпкерлердің мүддесін қорғай алатын бизнес өкілдері енгізілді. 
Өңірлік кеңес құрамында шағын және орта бизнес, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен, жүйе құраушы және қала құраушы салаларының өкілдері 3 комитет бойынша: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық мәселелеріне қатысты жұмыс жасайды. Кәсіпкерлік нысандары бойынша Өңірлік кеңес құрамына шағын және орта кәсіпкерліктің – 9, ірі кәсіпкерліктің – 7, бизнес қауымдастықтың – 3, барлығы 19 кәсіпкер енгізілді. 
Сонымен қатар, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді және олардың бастамаларын қолдау мақсатында барлық 7 ауданда Аудандық кәсіпкерлер кеңестері құрылды. Аталмыш кеңес құрамына 10, 12 кәсіпкерден енгізілген, төрағалары сайланған. 
Өңірлік кеңес отырысы ай сайын өткізіліп тұрады. Жалпы, кеңес құрылған уақыттан бастап 30-дан астам отырыстар өткізілді. Осының нәтижесінде кеңес шешімімен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы құрылды. Тағы айта кетерлігі, индустриалдық аймақты дамыту тұжырымдамасы, «2020 жылға дейінгі облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың Жол картасы» бекітілді. «Сервис және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер қауымдастығы» құрылып, оның аясында Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін облыстық білім басқармасымен бірге әріптестік басқару енгізілді.  «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020», «Агробизнес - 2020» және өзге де мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне тұрақты түрде мониторинг жасалады.
Қызылорда облысының 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2016 г. 797 0