Жеке кәсіпкер Ләззат Төлегенова алғаш болып Қызылордада eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы «Даму» қорының кепілдендіруіне қол жеткізді.
Жаңақорған ауданының кәсіпкері үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелерін кепілдендіру қызметін алу мақсатында үйден шықпай-ақ Қазақстанның eGov.kz электронды Үкімет порталы арқылы кепілдендіруге қол жеткізу керемет мүмкіндік болып отыр. Жас бизнес вуменнің сөзінше, бұл қадам ауыл кәсіпкерлерінің уақыты мен қаржысын үнемдеуіне болатын айрықша мүмкіндік болуда.
Ләззат Төлегенова 3 жыл қатарынан Жаңақорған кентінде нан жәнекондитер өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Бүгінде ол мемлекеттік қолдау аясында өз кәсіпкерлік өрісін кеңейтуге мүмкіндік алды. Кондитерлік цехты үлкейту мақсатында рәсімделген несиеге қол жеткізу кезінде ол кепілдікмүлік жетіспеушілігі қиындығына кезікті. Кәсіпкерге аталған мәселенішешуі үшін «Даму»қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілері бөлшек кепілдендіру құралын пайдалануға кеңес беріп, оны eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы пайдалануға болатынымен де таныстырды. Жобасына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие беру жөнінде оң шешімін алған Ләззат Төлегенова 47% көлемде кепілдендіру алуға өтініш берді. Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша eGov.kz порталы арқылы кепілдендіруге қол жеткізген алғашқы кәсіпкер атанды.
Еске сала өтсек, банктен несие алу барысында «Даму» қорының кепілдігіне қол жеткізуді қалаған кәсіпкерлербір ғана құжатпен – екінші деңгейлі банк немесе «Даму» банкінің несиелендіру мүмкіндігі мен кепілдік сомасының есебі көрсетілген оң шешімді хатының көшірмесі арқылы онлайн режимде кепілдендіру алуға өтініш берулеріне болады.