Мемқызметшілер күлдірді

Мемқызметшілер күлдірдіКеше Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрда жас мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық көңілді тапқырлар сайысы өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға аудандар, Қызылорда қаласы, облыс әкімдігінен және аумақтық органдардан 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Командалар екі кезең бойынша сынға түсті. «Сәлемдесу» кезеңінде ойыншылар өздерін әзіл арқылы таныстырса, «Үй тапсырмасын» еркін тақырыпта өтті. Командалардың бірі қызықты бейнеролик ұсынды, ал кейбірі көрермендерді қойылымдарымен қуантты.
Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Шиелі ауданынан келген «Шиелі-88» командасы, екінші орынды Сырдария ауданынан келген мемлекеттік қызметшілер иеленді. Ал үшінші орынды Қызылорда облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінен құралған «Акимат MIX» командасы мен Жалағаш ауданынан келген командалар бөлісті.
Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер арасындағы қазақша КВН сайысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2016 г. 535 0