Шиелі ауданы шырайланып келеді

Шиелі ауданы шырайланып келеді   Шиелі. Аудан орталығы мен аудан аумағындағы ауылдарда көркі көз тартатын сәулетті ғимараттардың саны артып келеді.
Үстіміздегі жылдың өзінде бiрнеше көшелер, бардюрлер, жиекжолдар, орталық М.Шоқай алаңы, ондағы субұрқақ, М.Шоқай ескерткiшi күрделi жөндеуден өтті. Аудан әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарға сүйенсек, шырайлы мекеннiң көшелерi жарық шамдармен, түрлi түстi оюлармен безендiрiлiп, түнгi Шиелiнiң көркiн айшықтала түскендей. Ауылдың көркеюi ондағы асфальт жолдар мен жасыл желектен, құрылыс нысандарының сыртқы келбетiнен де байқалады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 желтоксан 2013 г. 1 679 0