Теңізбен тағдырлас

Теңізбен тағдырлас«Өтпелі кезең өткелдері», «Жер – анамен  та¬мырлас тұлға» атты кітаптардың авторы,  белгілі журналист, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Еркін Әбілдің жақында «Теңізбен тағдырлас» ат¬ты туындысы оқырман қолына тиді. Кітап деректі-эссе жанрында жа¬зылған.
«Қоғам, өмір және адам» деген ұғым бір-бірінен еш ажырағысыз бірегей тұжырым екен¬дігі даусыз. Қоғамсыз өмір жоқ, ал өмірсіз адамның да болмайтындығы ақиқат. «Теңізбен тағдырласты» оқи отырып, осы бұлтартпас ақиқаттың куәгері боласыз.
Кітапта Кешегі Арал мен бүгінгі Арал тағдыры бүкпесіз баян етіледі. Арал топырағында дүние есігін ашып, теңізбен тағдырлас болған Әділбек Ізбасарұлы Әйімбетов – осы шығарманың басты кейіпкері. Қайтқан теңізді қайта келтіруге, ата кәсібіміз – балық шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосқан оның ересен еңбегін ұрпақтарға ұлағат ету – бізге парыз. Содан да бұл кітапта оның өнегелі өмір жолы мен өмірде кездесетін қиындықтардан мойымай өтуі паш етіледі. 
Оқушы қауым бұл еңбектен өмір атты ұлы ке¬меде болып жататын қилы-қилы оқиғалар, іс-әрекеттермен танысып, олармен сол кемеде бірге жүзіп, ғұмыр кешетіні, рухани нәр алатыны сөзсіз.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2016 г. 611 0