Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай №13 балалар кітапханасында «Астана – мақтанышым, шаттығым» атты патриоттық кеш өтті.
Қазақстан жайлы, оның Тәуелсіздігі туралы, балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру, оның көрікті орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, Отанын қа¬дір¬леуге үйрету, ұлттық патриотизм рухында тәр¬биелеу мақсатындағы шараға ұстаздар, ата-аналар және өзге ұлт өкілдерінің балалары мен №257 мектептің кітап¬ханашы қызметкерлері қатысты.
Мерекелік шара кітапхана оқырманы Гүлназ Жаңа¬бергеннің оқуында «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты өлеңімен ашылды. Онан соң өзге ұлт өкілдерінің балалары «Астана», «Бәйтерек», «Елбасы» туралы патриотттық өлеңдерін жатқа оқыса, кітапхана оқырмандары Назым Абдулла, Жансәуле Абдулла «Мен – Астана болашағымын» атты тақырыппен өз шығармашылығынан шашу шашты.
Патриоттық әндер шырқалды. С.Майқанова атындағы мәденит үйі жанынан құрылған «Балбырауын» күйшілер тобының өнерпаздары Құрманғазының «Адай» мен «Балбырауын» күйін орындап, көрермен назарына тарту етті.
Шара барысында жас та сымбатты қала Астанамызды оқырмандарға таныстыру мақсатында «Астана – Отаны¬мыздың жүрегі» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Майра КЕМБИЛОВА,
№13 балалар кітапханасының меңгерушісі.
Қызылорда қаласы,
Тасбөгет кенті.