Сала мамандары марапатталды

Кеше облыс әкімдігінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жиылған жұртшылықты мерейлі мерекелерімен құттықтады.
Мұнан соң Р.Рүстемов аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірқатар сала мамандарына облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Марапатталғандар қатарында әріптестеріміз облыстық «Сыр бойы» газетінің журналистері Ыдырыс Тәжіұлы, Бақтыбай Бердібаев және бөлім меңгерушісі Қуаныш Оразбаев пен «Сыр медиа» ЖШС-ның бас есепшісі Ерпайыз Мұсаев та бар. 
Сонымен бірге, облыс әкімдігі мен облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған БАҚ өкілдері мен блогерлер арасындағы «Облыс тұрғындарының портреті» атты облыс байқауының қорытындысы жарияланды. Үздік деп танылған шығармашылық өкілдері дипломдармен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 желтоксан 2016 г. 704 0