Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілердегі өңірде дәрі-дәрмектен улану жайлы ақпараттарды теріске шығарады, - деп жазады "Кызылорда ньюс" сайты.
Қызылорда облысы бойынша биыл дәрі-дәрмектерден улану фактісі тіркелген жоқ. Еліміз заңнамаларына сәйкес дәрігер рецептісімен босатылатын дәрілер қатаң бақылауға алынған.
Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасы тұрғындардың анықталмаған хабарламаларға алаңдаушылық танытпай, сабырлық сақтауын сұрайды.