
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Жалағаш ауданының әкімдігі БАҚ өкілдері арасында шағын фут¬болдан турнир ұйымдастырды. Тартысты бәсекеге 9 команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа сал¬ды. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тәжмаханов пен "Егемен Қазақстан” газетінің облыстағы меншікті тілшісі Ержан Байтілес ойыншыларға сәттілік тіледі.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі турнир "Меншікті тілшілер” мен былтырғы Жалағаш ауданы әкімі кубогының иегері "Сыр медиа” коман¬дасының ойынымен ашылды. Қос команда арасындағы сайыста 1:4 есебімен сырмедиалықтар алға шықты.
Мұнан соң екі топқа бөлінген командалар тартысты ойын-өрнегін көрсетіп, жартылай финалға төрт коман¬да жолдама алды. Өз тобында сырмедиалықтар "Сыр бойы” командасымен 3:3 есебімен тең ойнап, басқа командаларды айқын басымдықпен жеңді. Ал екінші топтан үздік ойын көрсеткен "Қоғам ТВ” мен "Қазақстан-Қызылорда” командасы көш бастады.
Жартылай финалда жолыққан "Сыр медиа” мен "Қазақстан-Қызылорда” командасы арасындағы сайыс¬та бірінші болып, облыстық телеарнаның жігіттері есеп ашқанымен, жарыс қорытындысында сырмедиалықтар жеңіске жетті. Ал "Қоғам ТВ” мен "Жас тілшілер” командасы арасындағы ойында "Қоғам ТВ” жігіттері көш бастады.
Осылайша жартылай финалда қарсыластарына жол берген "Қазақстан-Қызылорда” мен "Жас тілшілер” командасы ІІІ орынды сарапқа салды. Нәтижесінде 2:3 есебімен "Жас тілшілер” алға шықты. Алдыңғы ойын¬дарда топтан шыға алмайтын "Қоғам ТВ” командасы сырмедиалықтар финалда жолықты. Олардың бүгінгі сайысқа үлкен дайындықпен келгені ойын барысында көрінді. Десе де, былтырғы жеңімпаз ко¬манда қарсы¬ластарын 3:5 есебімен жеңіп, екінші мәрте Жала¬ғаш ауданы әкімінің кубогын жеңіп алды.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды "Сыр медиа” командасы жеңіп алса, ІІ орынды "Қоғам ТВ” жігіттері иеленді. Ал, келесі орын "Жас тілшілер” командасына бұйырды. Марапаттау рәсімінде жеңімпаз командаларға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тәжмаханов диплом мен қаржылай сыйлықтар та¬быс¬¬тады. Сондай-ақ, басқа да командалар арнайы алғыс хаттарға ие болды. Турнир барысында үз¬дік ойын көрсеткен бірқатар ойыншылар "Үздік ша¬буыл¬шы”, "Үздік қорғаушы” және "Үздік қақпашы” номинацияларымен марапатталды.
Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.