Мемқызметшілердің футболдан облыстық турнирі

Мемқызметшілердің футболдан облыстық турнирі10-11 желтоқсан күндері мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан облыстық турнир ұйымдастырылған болатын.
Салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруге бағытталған сайысқа облыс бойынша 21 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыстың қорытындысы бойынша, I орынды Қызылорда облысы мемлекеттік кірістер департаменті жеңіп алса, II орынды Қызылорда облысы әкімінің аппараты және III орынды Қызылорда қаласының әкімі аппараты иеленді.
Жарыс жеңімпаздары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2016 г. 635 0