Денсаулық саласы серпінді дамуда

Денсаулық саласы серпінді дамудаӨңірлік коммуникациялар орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың, облыстық медицина орталығының директоры Сәбит Пазыловтың және жастар денсаулығы орталығының директоры Жанар Қалмақованың қатысуымен брифинг өтті.
Онда сала басшылары ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарды  саралады. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, онда 203 іс-шараны орындап, тұрғындар денсаулығының 28 индикаторына қол жеткізу көзделген еді. Өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен 71,91 жасқа жетуі тиіс, республикалық индикатор бойынша 71,8. Ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен 14 нысанның құрылысы (13 нысан 2016 жылы берілу керек) жүргізілуіне қаржы бөлініп, оның ішінде Қызылорда қаласында 200 төсектік облыстық балалар ауруханасы, Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілді. Қалған 11 нысанды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда. 
Өлім-жітім себебінің құрылымына сараптама жасаған басқарма басшысы бірінші орында қан айналым жүйесінің аурулары (19,2%), екінші орында тыныс жүйесі аурулары (16,1%), үшінші орында қатерлі ісік (13%) ауруларының тұрғанын айтты. Кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін 60 млн теңге қаралған. Ағымдағы жылы облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің гранты бөлінді және жыл көлемінде барлық дәрігерлердің 59,4% білімдерін жетілдірді(1363). Осы жылы 81 жас маман облыстың денсаулық сақтау саласына тартылып, оның 60% БМСК ұйымдарына жіберіліп, қазіргі таңда БМСК ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткішін 95 пайызға дейін көтеруге қол жеткізілген. Облыстың барлық медицина ұйымдарында пациенттерді қолдау қызметі құрылған. Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату мен кезекті төмендету мақсатында БМСК ұйымдарында тіркеу бөлімінің жұмысы оңтайландырылды. Оған қоса, емханалардағы кезекті азайту үшін пациенттерге әркез көмекке келуге дайын тұратын администраторлар тағайындалды, ірі емханаларда пациенттер көп жиналатын жерлерге бейнебақылау камералары қойылған. Ағымдағы жылдың ақпан айында алғаш рет Emdeu.kz бірыңғай информациялық платформасы құрылып, Сall-центр қызметі кеңейтілді. Бұл жүйе интернет, телефонды қолданып қажет дәрігерге жазылуға немесе үйден шықпай дәрігерді шақыруға мүмкіндік беруде. 2016 жылдың 10 айында 125 елді мекенге жылжымалы медициналық кешендер шығып, 30678 тұрғын қаралып, оның 51,7 пайызы скринингпен қамтылған. Нәтижесінде 6894 науқас анықталып, 5145 сауықтырылды. 2016 жылдың 10 айында санитарлық авиацияға шақыртулар саны 27,5 пайызға жоғарылап, 708 жағдайды құраған (2015ж -513). 
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыста офтальмохирургиялық орталық ашылды. Жергілікті бюджеттен 90 млн теңгеге жоғары диагностикалық құрал-жабдықтар сатып алынып, өткен жылмен салыстырғанда жасалған ота санының 2 есе өсуіне септігін тигізді. Облыста офтальмологиялық орталықта алғаш рет глаукомалық кабинет ашылып, 2000 астам науқас глаукомамен есепке алынып, сауықтырылды. Байқоныр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы – қазақстандық медициналық ұйым ашылды. 11 айдың нәтижесі бойынша ана өлімі көрсеткіші 85,3 пайызға төмендеді. Облыстық перинаталдық орталықтың жабдықталуы 100%-ға жеткізілді. 
– Емханаларда 18 дені сау бала кабинеті ашылып, 0-5 жас жоспарланған балалардың 38933 баласы немесе 65 пайыз өткізілді. Жас аналарды 6 ай – 5 жас балаларды дұрыс тамақтандыруға үйрету мақсатында қосымша тағы да 10 ресурсты орталықтар ашылып, 10711 жас ана оқытылды. Нәтижесі деп айтуға болады, соңғы 5 айда үй жағдайында бала өлімі тіркелген жоқ, – деп атап өтті А.Әлназарова. 
Жалпы өлім көрсеткіші 2016 жылдың 10 айында 4,4 құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға азайған. 
Туберкулез бойынша аурушандық көрсеткіші 6,7 пайызға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 58,1-ды құрады, мақсатты индикатор 62,3 (ҚР индикатор – 63,1). Республика бойынша 3 орында (СҚО мен Ақмола облысынан кейін). Қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтау көрсеткіші 24,2 пайызға жақсарып 55,3 құрады, мақсатты индикатор 56,3 (ҚР индикатор –57,4). Қан айналым жүйесі аурулары бойынша өлім көрсеткіші 11,3 пайызға төмендеп 85,1-ды құрады, мақсатты индикатор 135,0 (ҚР индикатор –203,1). Республика бойынша 11-орында. Ана өлім көрсеткіші 85,3 пайызға төмендеп, 6,4-ті құрады. Ал, сәби өлімі көрсеткіші 1,0 % төмендеп 10-ды құрады, мақсатты индикатор 11,0 (ҚР индикатор – 11,0). Республика бойынша 1 орында. Басқарма басшысы жыл қорытындысы бойынша барлық 28 мақсатты индикатордың көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
Айнұр БАТТАЛОВА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2016 г. 893 0