
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО icтepi жөніндегі Ұлттық Комиссиясының ұйымдастыруымен "Биосфералық резерваттар және тұрақты даму” тақырыбында VIII өңірлік жиын өтті. Басқосудың мақсаты – 2016-2025 жылдарға арналған МАБ-тың Лималық іс-қимылдар жоспарын талқылау және SACAM жүйесіне мүше елдердің ең ұтымды тәжірибелерін пайдалана отырып, аталған жоспарды ай¬мақтық ерекшеліктеріне қарай енгі¬зу қағидасын құру. Жиында осы жылдың наурыз айында ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера” бағдарламасы бағыттаушы кеңесінің 28-сессиясының шешімімен «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ негізінде құрылған Барсакелмес биосфералық резерватына ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Әлем¬дік жүйесіне енгендігін растайтын серти¬фикат табысталды.
ЮНЕСКО-ның Барсакелмес био¬сфе¬ралық резерваты – Тұран шө¬лейт¬терінің солтүстік және орта¬ша аймақшалық типіне кіретін эко¬жүйелерді қорғайтын Еуразиядағы бірден-бір қорық. «Барсакелмес» учас¬кесінің ұзақ уақыт бойы арал ретінде шектелуі өсімдіктер қа¬уым¬дастығының толыққанды флорис¬тика¬лық құрамы және экологиялық жағ¬дайлардың табиғи балансы, тұ¬рақты құрылымымен өзінің ан¬тропогендік-аналогтарынан ерекше¬ленетін түпкілікті эко¬жүйелерінің байырғы қалпында дерлік сақталуына септігін тигізді.
Биосфералық қорықтар – ¬дү¬ние жүзіндегі кейбір ауқымды ай¬мақ¬тар¬дың табиғатын қорғау және оның бай¬лықтарын сақтап қалу мақ¬сатында тବбиғат қорғау шараларын жүзеге асы¬рудың халықаралық дең¬гейдегі бағдар¬ламасы. Оны био¬сфералық резерват деп те атайды. Био¬сфералық қорықтардың үлгі нұс¬қасы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Адам және биосфера» атты ғылыми бағдарламаның шеңберінде 1973 жылы қабылданған болатын. Қазіргі таң¬¬да ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік био¬сфералық резерваттар жүйесі 120 елдің 669 резерватынан құралған. Оның ішінде бірқатар халықаралық немесе ұлтаралық резерваттар да бар.
Биосфералық қорықтардың мақ¬саты – бастапқы табиғи қалпы өзгер¬меген не аз өзгеріске ұшыраған аймақ¬тардағы экожүйелерді, ондағы тірі организмдердің генетикалық қоры¬ның әртүрлілігін сақтап қалу, табиғатта үз¬діксіз болып жататын өзгерістерді үнемі әрі жан-жақты бақылау және оған талдау жасау.
Басқосуда қорықтар қызметі жа¬йында келелі мәселелер қозғалып, алдағы жоспарлар пысықталды.
Фатима ӘНЕСОВА,
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы»
РММ қызметкері.