"Қазақстан аруы" сыйақысының бір бөлігін балалар үйіне береді

"Қазақстан аруы" сыйақысының бір бөлігін балалар үйіне береді«Қазақстан аруы-2016» байқауының жеңімпазы қызылордалық Гүлбану Әзімхан жеңіп алған 5 млн теңге сыйақысының бір бөлігін балалар үйіне беретінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қазақстан аруы-2016» байқауында жеңіске жетемін деп үміттендім. Сіздердің үміттеріңізді ақтаймын деп ойлаймын. Жеңіп алған ақшалай сыйақымның бір бөлігін балалар үйіне, ал қалғанын ата-анама беремін», - деді Гүлбану Әзімхан.
Айта кетейік, бүгін Астанада «Қазақстан аруы-2016» байқауы өткен болатын. Конкурсқа еліміздің әр өңірінен келген 25 ару қатысты. «Қазақстан аруы-2016» байқауын Гүлбану Әзімханова жеңіп алды. Ал 1-ші вице-мисс атағын астаналық Елназ Нұрсейітова, 2-ші вице-мисс атағын көкшетаулық Жанара Найманбаева, 3-ші орынды өскемендік Анастасия Усольцева иеленді.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2016 г. 622 0