Қала әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

Қала әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалдыБүгін қала әкімі Н.Нәлібаев әкімдік мәжілісінде кадрлық өзгеріске тоқталды. Бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлы жақында ғана Елбасы Жарлығымен құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті» директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
- Нұрхан Бұхарбайұлы, қызмет жолында өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында түрлі салаларда жемісті еңбек етіп, аймағымыздың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына ерекше үлес қосып жүрген, саяси технологияларды және идеология саласын жетік меңгерген маман ретінде, тапсырылған барлық қызметтерді абыройлы атқарды", - деген қала әкімі Н.Жәлиевке барша әріптестерінің атынан алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңіріміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі және абыройлы еңбегі үшін «Құрмет» грамотасымен марапаттады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 желтоксан 2016 г. 1 134 0