
Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейі тәуелсіздік мерейтойына арнап музей қызметкерлері арасында «Үздік экскурсовод-2016» облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқауда қатысушылар өзін таныстыру, тосын сұрақтарға жауап беру, экскурсия жүргізу сияқты сыннан өтті. Аудандар мен облыс орталығынан қатысқан 11 адамның ішінен Ақмешіт музейінің ғылыми қызметкері Нұрлан Оспанқұлов жеңімпаз атанса, I орынды Сырдария аудандық музейінің экскурсоводы Айгүл Әмзеева алды. II орынға Қорқыт Ата мемориалдық музейінің өкілі Айгүл Бермаханова, III орынға Жаңақорған аудандық музейінің экскурсоводы Бағдаулет Тәжденов лайық деп танылды.
Одан бөлек, белсенділігімен көзге түскен музей қызметкерлері әртүрлі номинациялармен марапатталды.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.