Облыстық «Жас отбасы» байқауы қорытындыланды

Облыстық «Жас отбасы» байқауы қорытындыландыОблыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жас отбасылар арасында облыстық «Жас отау» байқауы өтті. 
Оған іріктеу кезеңінен өткен 7 жас отбасы қатысты. Байқауға қатысушылар ақтық кезеңнің шарттарына сәйкес үш айналым бойынша өз өнерлері мен қабілеттерін көпшілікке көрсете білді. Қорытындысы бойынша І орынды Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінен Қалиевтер отбасы, ІІ орынды Жалағаш ауданынан Қалжановтар отбасы және ІІІ орынды Сырдария ауданынан Өмірзақовтар отбасы иеленсе, Шиелі, Қазалы, Төретам  аудандарынан және қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінен қатысқан жас отбасылар арнайы номинациялармен, жүлделі сыйлықтармен марапатталды. 
Іріктеу кезеңінде белсенділік танытқан жас отбасыларға облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы алғыс хаттары табысталды. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 желтоксан 2016 г. 746 0