
Соңғы 16 жылда Қазақстан халқының саны 19 пайызға ұлғайды. Осылайша бүгінде елімізде 17 млн 671 мыңнан астам адам тұрады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осындай ақпарат берді, - деп хабарлады "Хабар" арнасы.
Сала өкілдерінің айтуынша, елде өлім-жітім 6 пайызға азайған. Қазақстан бойынша 1 тәулікте 1 мың сәби дүние есігін ашады екен. Яғни жылына 400 мыңға жуық бала өмірге келеді. Бұл факторлардың бәрі елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына оң ықпалын тигізіп отыр.
«Қазіргі таңда барлық жағдай жасалғаннан кейін, дәрі-дәрмектер Үкіметтің жанынан толық қамтамасыз еткендіктен де көп аурулар 30 есеге немесе 60 пайызға төмендеді», - дейді ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.