Қысқы Универсиаданың өңірлік алау эстафетасының бағдары бекітілді

Қысқы Универсиаданың өңірлік алау эстафетасының бағдары бекітілдіАлау эстафетасы дәстүрі Олимпиада және Студенттік ойындары алдында жүргізіліп отырады. 2017 жылдың 25 қаңтарында Астана қаласы Назарбаев университетінде 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алау Эстафетасы басталады. Әрбір облыс орталығында өз алауының жағылуы және өз Эстафета кезеңдері өткізіледі. 
26 қаңтар – Алау мына облыс орталықтарында тұтандырылады: Петропавл қ., Көкшетау қ., Павлодар қ., Қарағанды қ. және Өскемен қ.;         27 қаңтар – Орал қ., Ақтөбе қ., Атырау қ., Ақтау қ.; 28 қаңтар – Қызылорда қ., Тараз қ., Шымкент қ., Талдықорған қ.; 29 қаңтар – Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де алауды жағу іс-шарасы өтеді. 
Эстафета алауының жергілікті кезеңдері өткеннен кейін,Алау автомобиль, темір жол және әуе көлігімен Алматы қаласына жеткізіледі. Алматыға Алауды жергілікті кезеңдердің негізгі қатысушылары алып келеді, одан кейін олар қысқы Ойындардың ашылу салтанатына қатысады. 
14 өңірдің Алауы Алматыда шоғырланғаннан соң,  29 қаңтарда, соңғы Эстафетаның 16-шы кезеңі басталады, Алау оңтүстік астана көшелері бойымен жүріп өтіп, жаңа 12 мың орындық мұз сарайында Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы 2017 Универсиадасының ашылу салтанаты шарықтау сәтімен мәреге жетеді. 
Қысқы Универсиаданың өңірлік алау эстафетасының бағдары бекітілдіАлау эстафетасына 1000 алаугер қатысады, олардың: 100-і Алматыдан, 900 алаугер өңірлердің аудан орталықтарынан және Астана қаласынан, 60-ы әр өңірден. 
Өңірлік Алау эстафетасынан Қызылорда қаласы 2017 жылғы 28 қаңтарда 2 кезеңде ұсынылған бағыттар бойынша өткізіледі. 
Алау Эстафетасының бағдары бекітілді. 
Қызылорда облыстық дене шынықтыру және
спорт басқармасының баспасөз қызметі


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2016 г. 667 0