
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Өркениет Қызылорда» қоғамдық қоры Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияны ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қабланбек Абдраманов ашып, тақырып төңірегінде баяндама жасады. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының қалалық филиал басшысы Талғат Тілес, қордың жоба жетекшісі Қайрат Жанұзақ та ойымен бөлісіп, бұл күн тәртібінен түспейтін мәселе екенін жеткізді. Шара соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы жұмыстар әлі де толастамайтыны айтылып, қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды.
Айбарша СЫРЛАН.