«Алтын домбыра» иегерін қошеметпен күтіп алды

«Алтын домбыра» иегерін қошеметпен күтіп алдыТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматыда өткен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының Гран-при иегері Мұхтар Ниязовты бүгін жерлестері «Қорқыт ата» әуежайынан қошеметпен күтіп алды. 
«Алтын домбыра» иегерін облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Майя Тасқынбаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Жасұлан Алдабергенов, ақын Дүйсенбек Аяшұлы сөз алып, Сыр елінің абыройын асқақтатқаны үшін оған алғыс айтып, лебіздерін білдірді. 
– Айтыстың ерекшелігі – жас есімдерді жарыққа шығарып, жан-жақты әрі тартысты өрбігенінде. Қазылар алқасының қатарында айтыстың ақтаңгерлері ғана болды. Көрерменнен мерекелік леп сезіліп тұрды. Айтысқа қатысқан қызылордалықтардың 3-еуі жүлдегер атанып, ел мерейін өсірді. Бұл – барша Сыр жұртшылығы үшін үлкен қуаныш, – деді айтыскер ақын. 
«Алтын домбыра» аламаны осымен бесінші мәрте өткізіліп отыр. Мұхтар Ниязов алғашқы додада да топ жарып, бас жүлдені қанжығаға байлаған еді. 
Назерке САНИЯЗОВА.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2016 г. 1 133 0