Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті болып сайланды

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті болып сайландыӨзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзиёев 4 желтоқсанда өткен президент сайлауының нәтижесі бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Мирзиёевке 15 млн 906 мың 724 адам немесе дауыс беруге қатысқандардың 88,61%-ы дауыс берді» – деп мәлімдеді Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов өткізген брифинг барысында.
«Өзбекстан Республиканың президент сайлауы туралы» заңының 35-бабына сәйкес, бұл Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы деп сайланғандығы туралы куәлік етеді, деп хабарлады interfax.
Мирзиёев Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы – Өзбекстанның Либералды-демократиялық партиясының атынан президенттікке кандидат болды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 желтоксан 2016 г. 559 0