Ерікті жастарға арналған семинар

Қызылорда қаласындағы «Хан шатыр» мейрамханасында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің еріктілеріне арналған семинар болып өтті. Оған өңіріміздегі оқу орындарынан жиналған 40-тан астам студент қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – еріктілерді келген қонақтарға еліміздің тарихын түсіндіре білуге, оның ішінде Сыр еліндегі ескі қалалар туралы дерек беруге, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағы, Қамбаш көлі, Арал теңізі «Қорқыт ата» ескерткіш кешені туралы ақпараттандыруды үйрету болып табылды. 
Екі күнге созылған семинарда оқытуды ерікті жастарға Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры Рабиға Игенбаева жүргізді. Онда жастардың көне жәдігерлер мен Сырдың сырға толы тарихынан хабар беретін түрлі мәліметтер келтіріліп, логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің шеберлігін танытуға үйренді. Сонымен бірге ерікті жастар Қызылорда қаласы бойынша экскурсия жасады.  Жалпы, көрме барысында облыстағы оқу орындарынан 180-ге жуық студент қатысады деп күтілуде. 
С.ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2016 г. 750 0