Әкімдер біліктілігін арттырды

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында ауылдық округ, кент, ауыл әкімдерінің кәсіби және тұлғалық құзыреттілігін арттыру, олардың жұмыстарының негізгі бағыттарын түсіндіру, өңірлік деңгейде билік қатынастарын жүзеге асырудағы өркениетті даму жолының жаңа бағыттарын айқындау мақсатында семинар өтті.
«Қаржы-несие механизмін қолдану арқылы ауылдық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау. Жергілікті бюджет, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджетін құру мен орындау мәселелері» тақырыбында өткен семинарға 132 кент пен ауылдық округ әкімдері қатысты. Оның жұмысына «Тұран-Астана» университетінің профессоры Гүлмира Досмағамбетова шақырылып, «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы мемлекеттік саясаттың кейбір ережелері туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі  басқаруды дамыту механизміндегі негізгі бағыттар» тақырыптарында дәріс оқып, ортақ мәселелер бойынша пікір алмасты. 
Сонымен қатар, Өңірлік орталық директоры Р.Ысқақова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» облыстық филиалының директоры Ж.Матаев, Мемлекеттік қызметке ақы төлеу департаментінің бөлім басшысы Ж.Ботагарина, облыстық қазынашылық департаментінің бөлім басшысы А.Рүстемов, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы А.Қуандық және басқалары дәріс оқып, өңір салаларының даму бағыттары туралы жан-жақты мәлімет берді. 
Семинар соңында тыңдаушылар Мемлекеттік қызметке ақы төлеу департаменті мен оқу орталығының дайындаған тест тапсырмаларын орындады. Өткізілген барлық дәрістер жинақталып, тыңдаушыларға ұсынылды. 
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2016 г. 477 0