«Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы
жалпы республикалық акциясын Қызылорда қаласында ұйымдастырудың
бағдарламасы
2016 жылғы 4 желтоқсан
9.00-9.40. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын Қызылорда қаласының теміржол вокзалынан салтанатты қарсы алу. (Өтетін орны: Қызылорда теміржол вокзалы).
9.40-13.00. Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау. (Өтетін орны: «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс-залы).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу бойынша кеңестер беру.
(Өтетін орны: Халыққа қызмет көрсету орталығы).
Тұрғындарды және заңды тұлғаларды зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу, кеңес беру.
Әлеуметтік мәселелер бойынша кездесу, кеңес беру.
(Өтетін орны: Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залы)
Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша кездесу, кеңес беру.
(Өтетін орны: Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залы)
Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кездесу, кеңес беру.
Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған лекция - таныстырулар.
(Өтетін орны: Кәсіпкерлікті қолдау орталығы)
Білім саласы бойынша бағдарламаларды насихаттайтын лекция-таныстырулар мен кеңестер.
(Өтетін орны: №278 орта мектеп).
10:00-11:00. Шағын және орта кәсіпкерлікті және бизнесті дамыту бойынша кеңес беру.
(Өтетін орны: Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ғимараты).
10.00-12.00. 14:00-17:00. Медицина мәселелеріне байланысты кездесу, кеңес беру.
(Өтетін орны: Облыстық кеңес беру- диагностикалық орталығы);
10.00-11.30. «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі» «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлттың рухани негізі», «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді», «Казахстанская идентичность - как фактор личной ответственности казахстанцев» тақырыптарында лекция-таныстырулар, кездесулер.
(Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі).
12:00-13:00. Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауы.
(Өтетін орны: «Достық үйінің» конференц залы).
15.00-16.00. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы акциясына қатысушы өкілдермен брифинг.
(Өтетін орны: Орталық коммуникациялар қызметі).
16.00-17.00. Қызылорда қаласының көрікті жерлерімен танысу.
17.00-18.00. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» акциясының гала-концерті.
(Өтетін орны: А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі).
19.30-20.00. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын шығарып салу. (Қызылорда қаласының теміржол вокзалы).