
"Тәуелсіздік және Елбасы” айтулы күнге орай ұйымдастырылған форум осылай аталды. Салтанатты шараны қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев ашып, қатысушыларды ел мерекесімен құттықтады. Тәуелсіздік жылдарында Қызылорда қаласының қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, ел игілігі жолындағы атқарылар істердің әлі де аз еместігін атап өтті. Әрі қарай аймақтың даму көрсеткішіне қатысты бейнебаян көрсетіліп, жиынға арнайы шақырылған ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Берік Уәли, "Астана” халықаралық қаржы орталығының дирек¬торы Саясат Нұрбек пен халықаралық журналист Қанат Әуесбай мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері мен Елбасының ерен еңбегі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, өңір дамуында ерекше серпіліс бар екенін айтып, Қызылорда қаласының бүгінгі жетістіктеріне таңданыстарын жасырмады.
– Еліміз 25 жыл ішінде әлем мо¬йындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. 150-ден астам елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Өзге мемлекеттердің даму жолын саралай келе, өзінің даң¬¬ғыл жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мемлекет шекарасы шашау шықпай бекіп, қарулы күштері мықты елге айналды. Сонымен қатар бас қала бой көтерді. Осы Астанамыздың құрылуы да көп нәрсені аңғартады. Бастапқы кезде онда 270 мыңға жуық халық тұрған. Қазір оның саны миллионға жетті. Көз қызығатын ғимараттар салынды, сол жағалау игерілді. Осылайша ол арманнан ақиқатқа айналған қала бола алды. Осы тұста Астанадан кейінгі құрылысы қарқын алған қала Қызылорда екенін айту керек. Себебі бұл тұрғыда сіздер Алматы қаласын басып оздыңыздар. Жаңа нысандардың, көпірлер мен жол¬дардың пайдалануға берілуі, нақты цифрлар осыны дәлелдеп отыр, – деді Б.Уәли.
Елбасының "Еліміздің басты капиталы – мұнайы, қазба байлығы емес, оның туын тіктеп, керегесін ке¬ңейтетін, кемел келешекке жете¬лейтін дарынды да білімді жас¬¬тары” деген сөзіне орай ой өрбіткен Саясат Нұрбек пен Қанат Әуесбай бүгінде мыңдаған жастың шетелде білім алып жатқанын жет¬кізді. Білім саласындағы мұн-дай барыс-келіс білікті маман даярлау ісіне айтарлықтай септігін тигізуде. Біріншіден, олар жаңа ортаға, жаңа бағдарламаға, жаңа талапқа бейімделеді. Өзге ұлттың мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, дүниетанымын кеңейтеді. Екіншіден, тіл үйреніп ғана қоймай, өзге ұлт өкілдеріне тәуелсіз Қазақ елін танытады, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттап, тілін, дінін, пайым-парасатын паш етеді. Бұрындары шетелде білімін жетілдіру үшін шет тілдерін өз деңгейінде білмеу салдарынан көптеген жастар сын¬нан сүрінсе, қазір жетік білімді жас¬тардың қарасы көбейген. Мұ¬ның барлығы – Елбасының білім саласына айрықша назар аударып, жастардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасауының жемісі.
Осылайша тәуелсіздік жылда¬рында жеткен жетістіктерді сөз еткен форум жұмысы қорытындыланып, бір¬қатар ұйымдастырушыларға қବты¬сушылар ал¬ғысын жеткізді. Көкейіндегі сұрақ¬тарын қойып, нақты жауап алды.
***
Көркемсурет галереясында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстаным – Отаным» атты сурет салу бай¬қауы өтті. Жастардың шығармашылығын арттыра оты¬рып, Елбасының ерен еңбегін көрсету мақсатында ұйым¬дастырылған шараға №264 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Қазылар алқасы балалар өнерін бағалауда суреттегі көркемдік үйлесім мен бояу таңдау әдісін назарға алды. Қорытындысында Жалғас Абдразақ байқау жеңімпазы атанды. Ал ІІ орынды Дәурен Жолдахметов жеңіп алса, келесі орын Иманғали Шәкірге бұйырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталса, басқа да қатысушылар арнайы алғыс хаттарға ие болды.