Сейсенбіде Қызылорда қала¬сындағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында облыстық ішкі істер департаментіне жаңадан қабылданған қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.
Бұл – погон таққан кез келген адамның өміріндегі жарқын сәттердің бірі. Осылайша тәртіп сақшылары Отан алдында адал қызмет етуге, құқық тәртібін қорғауға, халықтың тыныштығын қамтамасыз етуге ант берді. Салтанатты шара барысында ішкі істер органдарының 6 ардагерін құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.
Ардагерлер мен жас полицейлерді об¬лыстық мамандандырылған күзет бас-қармасының бастығы, полиция полковнигі Пазылбек Нәлібаев құттықтап, жастардың қызметтік міндетке адал болатынына се¬нім білдірді. Ардагерлер мен шараға қаты¬сушыларға игі тілегін жеткізді.