
Бүгін Қазалы ауданына іссапармен келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудандық аурухананың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Әйтеке би кентінде бой көтерген аурухана 150 орынға есептелген. Аурхана құрылысын бастауға биыл республикалық бюджеттен 200 млн теңге, облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінді. Ал жалпы жоба-сметалық құны 4 млрд. 285,3 млн. теңге. Бас мердігер «КАЗҚұрылысСервис» ЖШС. Аурухана келер 2017 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аймақ басшысы аурухананың жобасымен танысып, алғашқы іргетасын өз қолымен құйды.Аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Көбек Наршабаев дәрігерлер атынан облыс әкіміне алғысын білдірді.