10 айда 776 алаяқтық қылмыс тіркелген

10 айда 776 алаяқтық қылмыс тіркелгенОрталық коммуникациялар қызметінің Қызылорда облыстық филиалында «Тұрғын үй, жер алу және өзге де мәселелер бойынша алаяқтықпен қозғалған қылмыстық істер және алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті, - деп жазады Қазақпарат.
Брифингке Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Тұрсекеев Ғани Асанұлы қатысып, өңірімізде тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдап берді. Биыл 10 айда облыс көлемінде 776 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 37,9 пайызға азайған. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 64,4 пайызы немесе 479-ы ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды.
Тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдасақ, қарызға ақша алып, қайтармағандар - 34, несие алуға көмектесемін дегендер - 127, кезексіз жер алып беремін дегендер - 131, кезектен тыс үй алуға көмектесемін дегендер - 124, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп-шотына ақша салдырғандар саны - 71-ді құрап отыр.
Қылмыстардың орын алуына жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайларын түзеп беруге, жұмысқа орналасу, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбен несие алып беру, кезектен тыс жер, пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткен азаматтардың сөзіне алданып, оңай жолмен өз жұмыстарын бітіруге талпынулары себеп болып отыр.     

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2016 г. 749 0