Өткен сенбіде Қызылорда қаласындағы №1 кітапханада «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы аясында «Азаматтық қоғам – құқықтық мемлекет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Студенттер мен оқушылар ғасырға бергісіз жылдардан, қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертетін еңбектермен танысты. «Шараның мақсаты – бет-бейнесі, ұстанымы қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің 25 жыл ішіндегі жетістіктерін насихаттау», - деді №1 кітапхананың кітапханашысы Ш.Қанқожаева.