Шоқай ескерткіші орнатуға толық дайын

Шоқай ескерткіші орнатуға толық дайынОблыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346 мың теңгеге мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды. Биіктігі - 6 метр болатын ескерткіш орнатуға толық дайын.
Ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Ескерткіштің авторы – Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде.
Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған.
Қала әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2016 г. 610 0