Биылғы жылы жалпы 442 өрт оқиғасы тіркелсе, аталған өрттен 9 адам қайтыс болған, оның ішінде 2 кәмелет жасына толмаған балалар да бар.
Бұдан бөлек, жылу маусымы басталғалы, яғни 15 қазаннан бастап бүгінгі күнге облыс көлемінде көмір қышқыл газымен уланудың 11 дерегі тіркеліп, онымен 36 адам зардап шексе, оның ішінде 14-і кәмелетке жасы толмағандар. Ал 1 адам қайтыс болды. Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Қызылорда қаласында орын алған кәмелет жасына толмаған 3 бірдей баланың көмір қышқыл газымен уланып, аурухана түскен. Ал 16 желтоқсанда. Шиелі ауданында 1 азаматшаның пештің ақауынан газбен уланып, соның салдарынан қайтыс болды.
Облыстық прокуратураның таратқан мәліметіне сүйенсек, жыл сайын қыс мезгілі келіп, жылу маусымы басталған кезде тек қана облыс көлемінде ғана емес жалпы республика көлемінде өрт оқиғалары жайлы мәліметтер көптеп тіркеліп, орын алса, сонымен қатар, көмір қышқыл газымен улану жағдайлары да адам өліміне әкеліп соғуда. Аталған жағдайдың барлығы да жай ғана өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр. Осыған орай, облыстық прокуратурада облыс прокурорының орынбасары Р. Райхановтың төрғалық етуімен жедел мәжіліс өткізілді. Аталмыш мәжіліске облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысты. Өткізілген жедел мәжілістің қорытындысымен төтенше жағдайлар департаменті жалпы тұрғындар, халық көп шоғырланатын ғимараттардың егелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде жылу жүйелерін жөндеу, жылу жүйелерінің түтін жолдарын тазалау сияқты жұмыстары жүргізу қажеттігі жайлы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, ресми сайттарда түсіндірме жұмыстарын орналастыру, жергілікті атқарушы органмен бірлесіп бейнероликтер дайындау, билбордтар мен таблолар жасақтап қаланың көрнекті жерлерін ілу сияқты жұмыстар атқару қажет екені айтылды.