
Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ мызукалық драма театрында жырау Көшеней Рүстембекұлының 70 жылдық мерейтойына байланысты «Жыр жұлдызы Көшеней »атты көшпелі кітап көрмесі өтті.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шараны орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана ұйымдастырды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көшеней Рүстембекұлының қысқа ғұмырында артына қалдырған мәдени мұраларымен бірге Базар жырау, Кете Жүсіп, Жиенбай жырау, Тұрмағамбет сияқты дүлдүлдердің шығармалары насихатталды.
Шолу барысында жыраудың мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған шығармалары, «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы» , «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы», «Қайталанбас дауыстар» атты Сыр саңлақтарының анталогиясы кітап сүйер қауымның сұранысына ие болды.
Қ.СРАЖАДИНОВА,
№ 12 кітапхананың аға кітапханашысы