Оқушылар шекара қызметімен танысты

Оқушылар шекара қызметімен таныстыОблыстық ішкі саясат басқармасы мен қорғаныс істері жөніндегі департаменті Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 2019 әскери бөлім аумағында «Ашық есік» күнін өткізді. Оған 100-ге жуық мектеп оқушысы қатысып, әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты.
Келешекте Отан қорғайтын жас¬тарға алдымен шекара қызметінің тарихы мен міндеті кеңірек түсіндірілді. 2019 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Бектеміс Оразбаев қатаң тәртіп пен міндеттің арқасында еліміз бейбіт жағдайда күн кешіп отырғанын жеткізді.
– Еліміз тәуелсіздік алғанда мем¬лекеттің алдында шекараны анықтап алу мәселесі туындады. Елбасының салиқалы саясаты арқасында көршілерімізбен келісе отырып шекараны нақтыладық. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан әлем назарын өзіне қаратқан қарқынды дамуға аяқ басты. Осы орайда шекарашылардың ішкі тыныштық пен тұтастықты сақтауға қосып отырған үлесі зор. Бабадан мұра болып қалған жерімізді қорғау – келешек жастардың борышы, – деді ол. 
Мұнан соң оқушылар қарулы күш¬тердің құрал-жабдық, техникаларын көзбен көріп, олардың қандай қызмет атқаратыны жайында мәлімет алды. Ол үшін арнайы 9 оқу нүктесі дайындалған. Әскери киім-кешектен бастап инженерлік және жаппай қырып-жою қарулары, байланыс құралдары мен автокөліктердің қызметі таныс¬тырылды. Жастар шекарашылар қол¬данатын шағын қару мен қуатты зе¬нит¬тік қондырғылардың қолданылу бары¬сын тамашалады. Бұрын-соңды сурет пен теледидардан ғана көретін құ¬рыл¬ғыларды жақыннан бақылады. Со¬нымен бірге, жастар  жылжымалы ас пісіру құрылғысының алдында буы бұрқыраған ботқа мен ыстық шай үшін кезекке тұрып, далалық жаттығу ке¬зіндегі әскерлер тағамынан дәм татты.
Шекарашылардың қарудан бөлек сенімді серігі – пәрменіңді бұлжытпай орындайтын қызметтік иттер. Арнайы үйретілген иттердің көрші елден өтетін күдіктіні ұстауда маңызы зор. Оқушылар олардың дорбаға жасырылған есірткіні тауып, шекарадан заңсыз  өткен адамдарды қалай құрықтайтынын тамашалады.
Жалпы мұндай патриоттық жиындар үнемі ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері осындай тоғыз кездесу өткізілген. Мектептегі бір күнді әскердегі бір күнмен алмастырған оқушылар шара соңында оркестрдің қысқа концерттік бағдарламасын тамашалады. 
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.     

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қараша 2016 г. 654 0