2016 жылдың 18-інен 19-на қараған түні шамамен түнгі сағат 3.25-те ғаламда ғажайып құбылыс болды. Аспан төріндегі ай Мекке төріндегі қасиетті Қағбаны айналып шықты, деп хабарлайды aikyn.kz сайты.
Айдың Қағбаны айналуы енді 100 000 (жүз мың) жылдан кейін қайталанады екен. Сол түні аспан жарық нұрға, көгілдір қызғылт шуаққа шомылып тұрды. Ай Қағбаны айналғанда Алладан тілеген тілек түгел орындалады деген сенім бар. Мұсылмандар бұл күні «Астағфируллаха Рабби мин кулли занбин уа атубу иляйһи» деп дұға жасап, Аллаға күнәларының кешірілуін сұрап жалбарынады. «Фатиха» сүресін 11 рет оқып, жарылқау тілейді.
Қағба – қара жердің ғана емес, күллі ғарыштың орталығы. Он сегіз мың ғалам бір Аллаға сәжде етеді. Қағбаның төбесінде Аршы мен Күрсі (Құдайдың тағы) және жеті қабат аспан мен жеті қат жер бар делінеді. Ғалымдардың айтуынша, бұлар – Жердің жеті серігі, планетамыздағы жеті аспан денесі. Қағба – араб тілінен сөзбе-сөз аударғанда құрметтелген, ұлы, үлкен жер деген мағына береді.
Қажыға барғандардың Қағбаны сағат тіліне қарсы жеті рет айналуы да он сегіз мың ғаламның айналуын білдіреді. Электроникадан бастап галактикаға дейін дәл осылайша қозғалады. Тауап етушілердің Қағбаны сағат тіліне қарсы айналуында да үлкен сыр бар.
Адам денесіндегі қан да, ай да, жер де, күн жүйесіндегі планеталар да, ғарыштағы бүкіл галактика да сағат тіліне қарсы айналады.