Студенттерге арналған ашық есік күні

Студенттерге арналған ашық есік күніҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде студенттер үшін ашық есік күні өтті.
Департамент басшысы Абзал Мұхимов студенттерге мемлекеттік қызметтің қыр-сырын айтып, мемлекеттік қызметшілердің міндеті компьютер алдында отыру ғана емес екенін, олардың әрқайсысының функционалдық міндеті барын жеткізді. Сонымен қатар, А. Мұхимов қазіргі таңда мемлекеттік қызметке кіру ашық түрде өтетініне тоқталды. 
– Қызмет қолдың кірі емес. Олай дейтін себебім, білімді, бәсекеге қабілетті кез келген адам қай салада болмасын сұранысқа ие. Ал жұмысқа пара беріп тұруды ойлайтын адам бүгін бір жерден жұмыстан шығып қалса, ертең тағы бір жерге дәл осылай жұмысқа кірем деп есептейді. Нәтижесінде ешқандай жетістікке жетпейді, – деді ол.
Студенттер осыдан соң департамент ғимаратын аралап, жұмыс істеу процесімен танысты.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қараша 2016 г. 750 0