Инвестфорум өтуде

Инвестфорум өтудеБүгін Қызылордада кезекті VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтуде, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. 
Форумның негізгі мақсаты – өңір компанияларының шетелдік және отандық инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуына, бизнес пен ғылым салаларының және билік өкілдерінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, аймақ экономикасын диверсификациялауда және жетілдіруде күш біріктіруіне мүмкіндік туғызу.
Инвестициялық форумға ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, сондай-ақ, бірқатар бизнес қауымдастықтар мен бірлестіктердің, банк саласы мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, ұлттық және шетелдік компаниялардың, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және Қытайдың халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысуда.
Сонымен қатар, форумға Әзірбайжанның, Белорусь мемлекетінің, Бельгия Корольдіктерінің өкілдері және Өзбекстанның ресми делегациясы қатысуда. Сондай-ақ форум жұмысына «Қашаған» кен орнын игеру жобасының негізі операторы «NCOC» компаниясының делегациясы да келді. 
Кезекті инвестфорум аясында «Инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері», «Инвесторлар үшін жаңа келешек» тақырыптарында пленарлық отырыстар мен «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясы», «B2B кездесу форматындағы халықаралық ынтымақтастық» бағыттары бойынша секциялар жұмыс жасауда.
Пленарлық отырыс барысында қаржы институттары шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған жаңа ұзақ мерзімді инструменттерін таныстырады, сондай-ақ, экономиканың басымдыққа ие салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарлануда.

 
Инвестфорум өтуде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қараша 2016 г. 566 0