1300 тұрғын жер телімін алады

1300 тұрғын жер телімін аладыКөптен бері жер теліміне кезекте тұрған қармақшылықтар енді тиесілі 10 сотық жерге ие болатын болды. Атап айтсақ, өткен жылы Жосалы кентіндегі жаңадан бой көтеретін шағын ауданға 170 гектар жер бөлінген болатын. Ал биыл инженерлік инфрақұрылымдарды салуға ел Үкіметінің арнайы резерві есебінен 720 млн теңге, облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлініп, барлығы 800 млн теңге қаржыға су-жарығы бар жаңа көшелер түсетін болды. 
Сонымен қатар, жыл аяғына дейін бұл қаржыға 22 көшеге 33 шақырым жол төселеді. Бұған қоса 24 шақырым телефон желісі мен 44 шақырым электр желісі тартылып, жаңа подстанция салынбақшы. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың сұранысын жергілікті билік 100 пайызға қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 
Жаңа ауданда Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі, 1 мектеп, 2 балабақша және спорт алаңдары бой көтереді. Айта кетейік, Жосалы кентінде 2006 жылдан бері ешқандай жер телімі берілмеген болатын.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Қармақшы ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қараша 2016 г. 714 0