ҰБТ форматы өзгерді

ҰБТ форматы өзгердіБиыл облыста 6 229 оқушы мектеп бітіреді. Оларды алда емтихан мен мазмұны өзгерген ҰБТ күтіп тұр. Бүгін өңірлік коммуникациялар орталығының брифингінде облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев жаңашылдық жөнінде айтып берді. 
ҰБТ екі кезең бойынша өтеді. Алғашқысы – қорытынды аттестаттау немесе мемлеккеттік бітіру емтиханы бес пәнді қамтиды. Оның төртеуі міндетті де, біреуі түлектің таңдауына қарай. Тестілеуді қоса алғанда барлық емтихан мектептің өзінде өтеді. Емтихандар тізбесінде ана тілі мен әдебиеттен эссе жазу, алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан, Қазақстан тарихынан ауызша емтихан, орыс тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен немесе қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу бар. Бұл сынақтар 29 мамыр-9 маусым аралығында жүргізіледі. 
– ҰБТ ЖОО-ға түсу емтиханы және мемлекеттік грант бөлу жүйесі ретінде қалады. Жаңа форматқа сәйкес 5 пән (үшеуі міндетті, екеуі бейінді) бойынша 120 сұрақ беріледі. Сынаққа 3 жарым сағат уақыт беріледі, шекті балл өзгеріссіз – 50, - деді басқарма басшысы. 
Өтініш 10 наурыз-10 мамыр аралығында ҰБТ өткізу пункттерінде қабылданады. Өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамызда және 2018 жылғы қаңтар айында ақылы негізде қайта тапсыруға мүмкіндік жасалады. Онда да шекті балл – 50. «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады. Балла саны тең түскенде оларға басымдық беріледі. 
– Колледж бітірушілері үшін кешенді тестілеу форматы да өзгерді. 6 сұрақ қарастырылған. Бұл бітірушінің бейіні бойынша оқығанына байланысты. Мамандық бейінін өзгертсе, тестілеуді ҰБТ форматында тапсырады. Оған 100 минут беріледі. Өтініш 10 наурыз-1 шілде аралығында қабылданып, сынақ арнайы пункттерде өткізіледі. Ал кешенді тестті 17 шілдеден 23 шілдеге дейін тапсыра алады. Шекті балл – 35, - деді Бақытжан Сайлыбаев. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2016 г. 1 027 0