
Оған еліміздің барлық өңірінен 400-ден аса спортшы 14 салмақ дәрежесінде қатысуда. Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазақстан дзюдо федерациясының атынан облыста дзюдоның қарқынды дамуына қосқан үлесі үшін облыстық дзюдо федерациясына 1 дана татами жиынтығы табыс етілді. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер -60, -66 келі, әйелдер -48, -52, -57 келі салмақта сынға түсуде.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, дипломдармен марапатталады. Ел чемпионаты мен кубогы 19 қарашада аяқталады.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі