Қаржыгерлер күні аталып өтті

Қаржыгерлер күні аталып өтті15 қарашада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ қаржыгерлерін кәсіби мерекелерімен және Ұлттық валюта - теңге күнімен құттықтады. 
Қырымбек Көшербаев өз сөзінде соңғы зерттеулер бойынша, Қызылорда облысының аумағында орналасқан көне бес шаһарда - Жент, Жанкент, Сығанақ, Баршынкент және Өзгентте теңге сарайлары болғандығын атап өтті. 
- Бұл – Сырдың бойында ежелден сауда-саттық пен қаржылық байланыстың болғандығын аңғартады. Ал сіздер, құрметті әріптестер, Ұлы Далада ғасырлар бойы қалыптасқан қаржыгерлер дәстүрлерінің ізбасарларысыздар. Біз биыл қаржы - экономика органдарының құрылғанына 95 жыл толғанын атап өтудеміз,  оның кейінгі 23 жылында тәуелсіз мемлекет ретінде төл теңгемізбен жұмыс істеп келеміз. Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күре тамыры – қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз ешқандай сала толыққанды қызмет ете алмайды,- деді аймақ басшысы. 
Мерекелік шара барысында аймақтағы қаржы саласының үздік мамандары Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2016 г. 1 070 0