
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа бағыттарының бірі – елдегі медиация институттарын дамыту болып табылады.
Медиация институтын дамыту және оны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиация кабинетінде «Қоғамдық қабылдаулары» жүргізілуде. Осыған орай 17 қараша 2016 жылы сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қызылорда облыстық судьялары, отставкадағы судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қала тұрғындары мен қала қонақтарына жан-жақты тегін кеңестер береді.
Қабылдау дүйсенбі және бейсенбі күндері. Мекен-жайы: Ы.Жақаев көшесі №24, сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін. Байланыс тел: 700214, 87017505998.
Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі.