Мүлікті жария ету мерзімі аяқталуға жақын

Елімізде 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталған мүлікті жария ету науқаны өз мәресіне жақындады, құжат тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 30 қарашасында аяқталады.
Елімізде жүргізіліп жатқан акциядан соң мүліктерін жария етпеген азаматтарды алдағы уақытта не күтіп тұр деген заңды сұрақ туындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назар¬баев ұсынған Бес институционалды реформа және оны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында «2017 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік қызметкерлер, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру» (III тарау, 42-қадам) қарастырылған. Яғни, жалпыға бірдей декларациялау кезінде азаматтар заңдастырылған мүлкі мен табыстарын ашық көрсете алады. Алдағы уақытта барлық қаржылай ірі сомалар тексеріліп, заңсыз түрде келген, шет елдердегі офшорлы аймақтардағы қаржылар тексеріліп, бақыланатын болады.
Кіріс органдарымен автоматты түрде камералдық бақылау жүргізіліп, есептіліктерге, аударылған ақшалай қаражаттың барлығына тексерулер өткізіледі.
Бұнымен қоса, аударымдардан кемітілген салық міндеттемелеріне қосымша өсімпұл сомалары есептеліп, айыппұлдар салынады. Сонымен қатар, салық төлеуден жалтарған, табысын жасырған барлық азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал, қазіргі уақытта мемлекет осы мүм¬кіндікті пайдаланып, мүлік пен қаражатты жариялап заңдастырып, әрі қарай кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға барлық жағдай жасап отыр.
Мүлікті және ақшаны жария етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің барлығын осы мүмкіндікті пайдаланып мүліктері мен ақшаларын уақытында заңдастырып алуға шақырамыз.
Мереке САНСЫЗБАЕВА,
Қызылорда облысы бойынша  мемлекеттік кірістер
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2016 г. 478 0