Өлшем құралдарының маңыздылығы

Өлшем құралдарының маңыздылығы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 8 қарашада ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңнамасының аясында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Өлшем құралдарының маңыздылығы» тақырыбында,«ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалы және қаланың өндірістік кәсіпорындары мен мекемелерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.
Өлшеу-метрология саласының ең маңызды ұғымдарының бірі. Адамдар онымен күнделікті өмірде жиі кездесіп жатады, мысалы: уақыт, салмақ, адым, қарыс, ұзындық және т.б. шамалар бірлігін пайдаланады. Ал өлшем бірліктері өлшем құралдарының сипаттамалары болып табылады. Біздің департамент – техникалық реттеу және метрология саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау жұмыстарын іске асырады, оның ішінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бақылауды – негізгі қызмет ретінде жүзеге асырып келеді. «Дөңгелек үстел» барысында департаменттің бас маманы А.Абдукаримова Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарының бойынша  мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерiне, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету  мемлекеттік жүйесінің тізілімі, мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері және 2016 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша мемлекеттік метрологиялық ішінара 43 тексерістер жүргізілгендігі туралы қысқаша тоқталып өтті. Тексеру барысында 31 жағдайында заң бұзушылықтар анықталып, Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19 бабының 1 тармағының бұзылғандығы айтылды.
Мемлекеттік бақылау кезенінде анықталған бұзушылықтар бойынша   ҚРӘҚК 419 бабының 4 тармағы бойынша 31 шаруашылық субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  4284,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанып, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын пайдаланудан алып тастау туралы нұсқамалар берілгендігіне тоқталды. 
«Дөңгелек үстел» қатысушылардың сауалдарына толық, әрі тыңғылықты жауаптар берілді. 
ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы бойынша сұрақтар немесе ұсыныстарыңыз болса, 8/7242/23-87-21, 23-81-44 телефондары және  gosnadzor@bk.ruэлектронды мекен-жайы арқылы хабарласып, тиісті жауаптар ала аласыздар.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қараша 2016 г. 657 0