
Қызылорда қаласы бойынша «Алтын асық» бағдарламасымен биыл 750 бас қой және 20 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу межеленген.
Қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл бағдарлама бойынша әзірге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысындағы филиалы арқылы несие алушылар болмай тұр. Дегенмен, қаланың 1 шаруа қожалығы жеке қаржысымен Жанақорған ауданынан асыл тұқымды қаракөл елтірісі тұқымынан 20 бас қошқар және 600 бас аналық тоқты сатып алынып мал басын асылдандыруда.