
Бүгін футболдан Қызылорда облысының шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.
Төртінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Арал, Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарынан және Қаратау, Қызылорда қалаларынан 8 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде Қызылорда қаласы«Қайсар» футбол орталығының командасы көш бастаса, екінші орындыҚаратау қаласы, үшінші орынды облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің футбол жөніндегі № 6 спорт мектебі иеленді.
«Үздік қақпашы» - ЕрханСұлтанбек (Жалағаш)
«Үздік қорғаушы» - Нұрислам Бегалы (Қызылорда қ.)
«Үздік жартылай қорғаушы» - Нұрболат Ертас (Жаңақорған)
«Үздік шабуылшы» - Нұрзәт Мақсатұлы («Қайсар» ФО)
«Үздік ойыншы» - Дамир Жамбылұлы (Қаратау қ.)
«Үздік ойыншы» номинациясының иегері Д.Жамбылұлына Ә.Қалымбетовтың жұбайы Дана Абылайқызы өзінің арнайы сыйлығын табыстады.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларғадиплом, медаль, кубоктар табысталса, номинация иегерлері диплом, естелік сыйлықтармен марапатталды.