Елбасының 22 жыл бұрын ғарышкерлермен түскен суреті жарияланды

Елбасының 22 жыл бұрын ғарышкерлермен түскен суреті жарияландыАқорданың баспасөз қызметі фейсбуктегі парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 22 жыл бұрын ғарышкерлермен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.  
«Бұдан тура 22 жыл бұрын екінші қазақ ғарышкері Жерге оралды. 1994 жылғы 4 қарашада қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыштағы «Мир» орбиталық стансасында болған сапарын аяқтап, Жерге оралды.
Ол 1994 жылғы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшқан болатын. 125 тәулік 22 сағатқа созылған сол сапарында ол ашық кеңістікке шыққан алғашқы қазақ перзенті болды.
Сапарын сәтті аяқтаған үш ғарышкер – Т.Мұсабаевты, Ю.Маленченконы және У.Мербольдті Елбасы Торғай өңірінде салтанатты түрде қарсы алған еді. 22 жыл бұрынғы сол тарихи сәттен түсірілген фотосуретті бүгін фейсбук пайдаланушылары назарына ұсынып отырмыз», - деп жазылған парақшада.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2016 г. 504 0