Ақын Шынтемір Әмишаұлының кітаптары жарыққа шықты

Ақын Шынтемір Әмишаұлының кітаптары жарыққа шықтыБүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ақын Шынтемір Әмишаұлының «Қайдасың, Қасқақұланым...» және «Жоқ іздеген жүрек» атты кітаптарының тұсаукесері өтті, - деп хабарлады кітапхана сайты.
Шынтемір Әмишаұлы Арал теңізінің Қасқақұлан аралында дүниеге келген. 1963 жылы Қасқұлан қазақ орта мектебін бітіріп, өзінің еңбек жолын жұмысшы болудан бастаған. Зейнеткерлікке шыққынға дейін Арал ауданындағы Қаратерең орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарған. Ұстаздық еткен еңбегі жемісті болып, әртүрлі деңгейдегі мадақ – марапаттауларды иеленген, Елбасының Алғыс хатын алған.
Құттықтау сөздерімен оқырмандар алдында Сыр бойының ақын – жазушылары, замандастары, ауылдастары, сыныптастары сөз сөйлеп, бір топ студенттер ақынның өлеңдерін оқыды және «Жоқ іздеген жүрек» атты фильм көрсетілді.
Кешті филология ғылымдарының кандидаты Н.Көбегенұлы жүргізді. Келген қонақтарға «Үмітімді ұрпағыммен жалғадым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қараша 2016 г. 653 0