Құрметті жанкүйер!

Құрметті жанкүйер! Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауына жерлесіміз, өнерлі ұлан 9 жасар Дулат Әбдікәрімов қатысып, облысымыздың намысын қорғайды.
Қазақстандағы «Ең үздік» бала дауысы атанып,  облысымыздың атын шығаруға талаптанып жатқан балғынымызды СМС хабарлама жолдау арқылы қолдай аламыз!
«Бала дауысы» ән байқауы 12- 13 қараша күндері КТК телеарнасынан тікелей эфирден көрсетілетін болады.
Жас өнерпаздың өнерге басқан қадамына сәттілік тілеп, қолдау көрсетейік!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2016 г. 635 0